boccaletti6_XinhuaDu Huaju via Getty Images_threegorgesdamchinariver Xinhua/Du Huaju via Getty Images

Қытайдың Ұлы су қорғаны

ЛОНДОН – Осы жазда Шығыс Азия муссондары Қытайға қарай соғады. Шілде айының соңына көрсетілген деректерге сәйкес, 433 өзенді су басу қаупі туралы хабарланды; мыңдаған тұрғын үй мен мекеме қирап, миллиондаған адам үй-күйсіз қалудың аз-ақ алдында тұр.  Қытайдағы ең ірі тұщы сулы өзен саналатын Поянхудағы су деңгейі рекордтық 22,6 метрге (74 фут) жетті. Бұдан соң елдің шығысында орналасқан Цзянси провинциясы (халық саны 45 млн) «соғыс уақытындағы» шараларды қолдануға мәжбүр. Соңғы жиырма жылда Қытай азаматтары мұндай табиғи апаттан зардап шекпеді әрі бұл қауіптің тек бастамасы болса керек.

Аса жойқын су тасқыны Қытай үшін таңсық емес. Аспан асты елі сан ғасырлар бойы қуатты өзендерімен арпалысып келеді. Тарих бойынша елдің саяси тұрақтылығы биліктің өзендерді көндіктіре алуына тікелей тәуелді еді. Соңғы рет Қытайда апатты су тасқыны орын алған 1998 жылы 3000 адам қайтыс болып, 15 млн адам үйсіз қалды, ал экономикалық шығын 24 млрд долларды құрады. Су тасқынының саяси маңызын аңғарған Қытай билігі жаңа шараларды қолға алуға бірден кірісті. Нәубеттің алдын алу үшін ішкі құрылымға инвестиция құю мен жерді пайдаланудың жаңа реформасын қарастырды.

Сол уақыттан бері индустрияландырудың озық үлгісі мен жаңашылдыққа ұмтылудың арқасында Қытай экономикасы әлем бойынша екінші қатарда келеді. Мұндай табыстың ең негізігі факторы – өте көлемді өзен инфрақұрылымының қоры. Соңғы жиырма жылдың ішінде  Қытай өзен жүйесінде 1998 жылғы апаттың қайталанбауы үшін ғана емес, жалпы индустрияландыруға қажет су энергиясын өндіру мақсатында әр түрлі  әдіс-тәсіл қолданылды. Нәтижесінде Янцзы арқылы ағатын су бойында әлемдегі ең мықты бөгеттер мен инфрақұрылым бой көтеруде.

Аталған өзен жүйесінің жақұты  «Үш шатқал» болып табылады. Әлемдегі ең ірі су тоғаны тасқынның алдын алу үшін арнайы жобаланған. 2010 жылы Тынық мұхитының шығыс бөлігіндегі аса жойқын Ла-Нинья циклі жаңадан пайдалануға берілген бөгетті алғашқы үлкен сынақтан өткізді. Сол жылдың шілдесінде су қоймасына бір секундта 70000 куб метр су көлемі сыйып кетті. Су қоймасындағы су көлемі 4 метрге көтерілді, бірақ  тасқынға төтеп беріп апаттың алдын алды. Қытай үкіметі Янцзыдағы апатты еңсердік деп байыз тапқандай болды.

Дегенмен су қорын бақылауда ұстау уақытша дүние, себебі проблемадан толық арылу мүмкін емес. «Үш шатқал» резервуарына келіп-кетер қауіп жетерлік, Қытай билігі бөгетке жақын орналасқан қауымдастық қауіпсіздігі мен төменгі ағыс бойындағы бизнесті сақтап қалу үшін әскери күш жұмылдырды. Янцзы су тасқынына қарсы жүйе толық істен шығуы мүмкін емес, десе де Қытай мемлекеттік қызметкерлерінің алаңдаушылық білдіруіне негіз бар. Адами зардаптардан бөлек, өте күрделі әрі ұзақ мерзімді саяси мәселе де орын алуы мүмкін.

Қытайдың қазіргі жағдайына өнеге болар тирихи паралеллель – АҚШ тарихындағы ең сұмдық апаттардың бірі саналатын 1927 жылғы Ұлы Миссисипи су тасқыны. 1926 жылдың жазынан бастап бірнеше ай толассыз жауған жаңбырдан кейін Миссисипи өзені арнасынан асып, бөгет қирап қалған. 27000 шаршы миль (70000 шаршы км) жерді су басып, 700 000 адам көшуге мәжбүр болды. Табиғатты  бақылауда ұстау қабілетіне қатты сенген дәл бүгінгі Қытай сияқты АҚШ территориясын да су басып қалды.

HOLIDAY SALE: PS for less than $0.7 per week
PS_Sales_Holiday2024_1333x1000

HOLIDAY SALE: PS for less than $0.7 per week

At a time when democracy is under threat, there is an urgent need for incisive, informed analysis of the issues and questions driving the news – just what PS has always provided. Subscribe now and save $50 on a new subscription.

Subscribe Now

Бір сәтте қирап бүлінуден бөлек Ұлы Миссисипи су тасқынының ұзақ мерзімді үш зардабы қалыптасты. Әуелі, өзенді бақылау – иллюзия; оны басқаруға келеді, бірақ толық бақылауда ұстау мүмкін емес. Су бөгеті сияқты жоғары бағалы негізі қорға инвестиция құю табиғи өзен жүйесін басқаруға бағытталған тиімді тәсіл арқылы жүзеге асуы керек. Жалғыз ғана құрал ретінде цементті қолдануға келмейді.  Суарма шабындық, сақтандыру, жерді пайдалану саясаты –барлығы  өте маңызды.

Екіншіден, су тасқынына қарсы күрес сәтті өту үшін барлық жергілікті мүдделі тараптардың пікірімен санасу керек. Ұлы Миссисипи су тасқынынан бері жүз жылға жуық уақыт өткен соң АҚШ мемлекеттік қызметкерлері қайықпен сапарға шығып, өзеннің төменгі ағысында тұратын жергілікті халықтың мәселесін тыңдап жүр. Нақты уақытта көрініс тапқан демократия бойынша тіпті ең мықты мекемелер жергілікті мәселелерге назар аударып, түсіністік таныту мен ескеруге заңмен міндеттелген.

Үшіншіден, жаһандық күш балансы өзгеріске ұшыраған шақта су тасқынының арқасында өте ауқымды саяси энергия пайда болды. Әлем бойынша экономикалық жағынан ең мықты болған Британ Империясы қаржы дағдарысына ұшыраған кезде Америка керісінше экономикасы дамыған державаға айналды. АҚШ астық өндіруде алдыңғы қатарлы жетекші орынды иеленді, яғни мемлекет экономикасының негізі ферма және зауыттар болды.

Аталған дағдарысқа қарсы күресті көпшіліктің қолдауына ие болған (өзінің пропагандистік жұмысы да аз әсер етпеген) сол кездегі АҚШ Сауда министрі Герберт Гувер басқарды. Бір жылдан кейін осы қолдаудың арқасында Республикашылдардың атынан президент сайлауына қатысып, жеңіп шықты.

Бірақ  бір мезгілде Ұлы жазықтағы құрғақшылықтан соң төменгі Миссисипи фермерлерінің арасындағы наразылық арта түсті. Осыған байланысты саяси толқулардың кесірінен популизм, протекционизм шарықтап, салдарынан АҚШ ауыл шаруашылығы өнімдерін қорғауға арналған атақты Смут-Хоули Тариф Актісі («Тариф туралы» заң ) қабылданған еді. Баж салығын енгізу XX ғасырдағы деструктивті сауда соғысының біріне айналды әрі Ұлы депрессияны күшейтті. Жаһандық экономикадағы сауда жолы арқылы Миссисипи су тасқынының нәтижесі бүкіл әлемге белгілі болды.

Қытайдағы жағдайдың соңы немен тынары мүлдем белгісіз. Аталған дағдарысқа қарсы күресте Қытай билігінің кез-келген қателігі су ресурстарын басқарудың жаңа тәсілін қайта қарастыруды талап етеді. XX ғасыр қателігі мен салдар түсінікті. Өзендерді басқаруға болады, бірақ толық бақылауға алуға келмейді. Және климаттың өзгеруіне байланысты оларды басқару қиындай береді.

Әлем Янцзы өзені алабында орын алып жатқан жағдайға назар аударуы тиіс. Су жағалауы аймақтарындағы дағдарыс әлеуметтік шиеленіс пен саяси тұрақсыздықты күшейту тенденциясына ие. Ал Қытайдағы жойқын су тасқыны өзге елдерге де зардабын тигізері сөзсіз.

https://prosyn.org/V2Efvszkk