badre18_krisanapong detraphiphat_getty images_accounting Krisanapong Detraphiphat/Getty Images

Жауапкершілігі жоғары бизнес дәуірі

ПАРИЖ – COVID-19 дағдарысы әлемдегі проблемалардың барлығы бір-бірімен өзара өте тығыз байланысты екенін көрсетті. Биоалуантүрлілік жойылып, теңсіздіктің өсуі жаһандық медициналық апат пен соңғы жүз жылдағы ең сорақы экономикалық дағдарысқа әкеп соқты.

Дәл осындай уақытта жиі кездесетін жағдай – адамдардың бұған дейін толық қабылдағысы келмеген өзгерістерге әу демде ашықтық таныта бастауы. Мәселен, көптеген менеджерлер мен инвесторлар тұрақты, жауапты бизнес жүргізу тәжірибесі мен бизнес-модельдерді қабылдауға құштар корпоративтік әлемде үлкен өзгеріс жүріп жатыр.

Ендігі басты міндет - осы жаңа ойлау жүйесінің кеңінен таралуын қамтамасыз ету. Акционерлер, инвесторлардың талабы мен мүддесіне бұрынғыдай бағынатынын ескеріп барлық компаниялардың тура жолға түсуін қалай жүзеге асыруға болады? Аталған сауалға айқын жауаптардың бірі – Экологиялық, Әлеуметтік даму мен Үкіметтік басқару стандарттары арқылы (ESG ) жұмыс жүргізу. Дегенмен ESG мәселені толық шеше алмайды. Қазіргі уақытта бұл сала қарқынды түрде өркендеп келе жатыр. Сол себепті де осы бағытта адам саны артып, түсініксіз боп барады, салдарынан «тұрақты даму туралы есеп беруден» шаршау жайлы шағымдар көбейді.

Бағымызға орай, таяуда консолидация орын алды: ESG стандарттарын белгілейтін негізгі органдар: «Жаһандық есеп беру бастамасы» (GRI) мен «Тұрақты даму туралы есеп беру стандарттары жөніндегі кеңес» (SASB) өзара бірлесіп жұмыс істейтінін хабарлады. Олардың мақсаты  ортақ стандарт орнату емес, керісінше ««мүдделі тараптарға аталған стандарттарды бір уақытта қалай қолдануға болатындығын жақсы түсінуге көмектесу».

Сондай-ақ, нақтылық, салыстыру мен жүйелілікті дамыту мақсатында Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық іскерлік кеңесі жақында «Мүдделі тараптар капитализмінің көрсеткішін» жариялады. Ол стандарттарды бекітетін жетекші жеке меншік органдар арасындағы конвергенцияны жеделдетуге бағытталған. Еуроодақ болса ірі компаниялардан ақпарат ашықтығын, жұмысын қалай жүргізіп, әлеуметтік-экологиялық проблемаларды қалай шешіп жатқанын талап ететін қаржылық емес есепті қайта қарастыруға көшті.

Бұның барлығы жақсы, әрине. ESG қаржы секторы жылдам дамып келеді және осы қарқынмен одан әрі де дами түсері анық. Себебі, қазіргі таңда  тұрақты, этикалық жұмыс жүргізу тәжірибесі бойынша бедел қалыптастыра алған компаниялар Covid-19 дағдарысына төзімді екенін дәлелдеді. Бірақ инвесторлар әр түрлі ұйымдардың ESG ақпаратын ашып көрсетуін сәйкесінше салыстырып көрсете алмайтын болса, жоғарыда аталға прогресс тоқтап қалуы мүмкін.

HOLIDAY SALE: PS for less than $0.7 per week
PS_Sales_Holiday2024_1333x1000

HOLIDAY SALE: PS for less than $0.7 per week

At a time when democracy is under threat, there is an urgent need for incisive, informed analysis of the issues and questions driving the news – just what PS has always provided. Subscribe now and save $50 on a new subscription.

Subscribe Now

Бізге нақты, үйлестірілген көрсеткіштері мен ақпаратты ашу ережелері бар нағыз жаһандық ESG стандарттарының жиынтығы қажет. Бұл стандарттың тек бір ғана кешені болу керек деген сөз емес. Кейбір есеп беру стандарттары басқасына қарағанда көп ақпарат береді; тағы бір стандарт түрі кәсіпорынның құндылығын арттыру үшін маңызды тақырыптарға назар аударады, енді бірі компанияның қоршаған әлемге әсерін ерекше атап көрсетеді. ESG есеп берудің түрлі әдісі сақталғанымен, барлығының түп негізі бір болып қала береді.

Жалпы ESG-нің нақты есебі – тұтас мәселенің тек бір бөлшегі ғана. Кәсіп иелері ESG негізделген бизнес қатері туралы ақпарат ашықтығы көрсеткіштерін оның қоршаған орта мен қоғамға әсерін бағалауға мүмкіндік беретін деректермен толықтыруы керек. Оған қосымша жағымды және жағымсыз сыртқы факторларды да атап өтуі қажет. Басқаша айтсақ, біз декларация мәдениеті мен оған ұмтылу туралы мәлімдемелерден ықпал ету көрсеткіштеріне негізделген шынайы әлемдегі нақты нәтиже туралы ақпарат мәдениетіне көшуіміз керек.

Компаниялардың қоршаған әлемге әсер ету көрсеткішін өлшеу – дұрыс корпоративтік есеп беруге жасалған алғашқы қадам. Мұндай көрсеткіштер компанияның бет-алысынан туындайтын ауқымды нәтижелерге бағытталған. Жұмыс жүргізудің мұндай әдісі корпоративтік көшбасшылардың әлеуметтік-экологиялық ықпал етуге байланысты мақсаттарын негізгі стратегияларына қосуға итермелейді. Сол арқылы капиталдың жауапкершілігі жоғары инвестициялауға өтуін жылдамдата түседі. Сондай-ақ, аталған әдіс үкіметтік ұйымдардың корпоративтік қызметке қатысты саясатын нақтылау міндетін жеңілдетеді.

Ықпал ету туралы есеп – мүдделі тараптар капитализмі талабына сай барлығына тең ойын алаңын құрудың ең үздік әдісі. Ол климат жән биоалуантүрлілік проблемасына қатысты шешім қабылдау құндылығын ресми түрде мойындаған. Ол жалақы, әлеуметтік жеңілдік, мансаптық даму теңдігі сияқты жұмыспен қамту мәселелерін, денсаулық және жұмыс орынындағы қауіпсіздікті қарастырады. Ол компаниялардың өнеркәсіптік желісінде бизнес жүрзізудің тұрақты әдісін енгізуге жағдай жасайды; сол арқылы компанияның пайда қайтарымы жоғары болып, аяқ астынан туындайтын қиындықтарға нық тұра алатындай етеді. Түсінуге оңай әсер ету көрсеткіштері клиенттер, жергілікті қоғамдастықтар мен барлық басқа мүдделі тараптармен сенімді қарым-қатынас орнатудың кілті болып табылады.

Әлбетте, барлық компаниялардың әлемге жақсы ықпал жасауы мүмкін емес. Кейбір салада ықпал ету көрсеткіші үнемі теріс болады. Бірақ негізгі мәселе – шын мәнінде жаһанға жақсылық әкелуге құштар компаниялар мен жай ғана «жасылдандыруды» қолдайтын компаниялардың ара-жігін ажырату, олардың арасында шекара орнату. Компаниялардың басым бөлігі клиент талабына сай жауапты инвестиция жүргізетін инвесторлардың ықпал ету туралы қатаң, тексерілген, анық деректерін ұсынған кезде капитал ағындары сәйкесінше түзетіліп, оң нәтиже береді.

Соңғы туындайтын сұрақ: ықпал ету туралы есеп қаржы есебіне қосыша бола ала ма? Жалпы ықпал ету көрсеткіші өте күрделі саналады және оңай дау тудыратын жорамалдарға толы көрінеді. Дегенмен, Джон Мейнард Кейнс айтқандай «мүлде дұрыс еместен аз да болсын дұрыс жақсы». Бұрыннан қалыптасқан қаржы есебінің бүгінгі әдістерін мінсіз деуге келмейді. Бұл әдістер де экономика негіздеріне ғана баға бере алады. Компанияның қоршаған орта мен қоғамға ықпал етуін анықтауға байланысты мәселеде де дәл осындай шамалас көрсеткішті анықтаудан қашпағанымыз жөн.

Әлеуметтік-экономикалық ықпал ету көрсеткішін анықтау, монетизациялау жұмыстары («Әл-ауқаттылық үшін бизнес бастамасы» негізінде, BWBI ) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (OECD) әзірлеген  қарапайым көрсеткіш құралдарынан бастау алғалы одан әрі дами түсетін, кеңейе беретін жаңа форматтар пайда болды. Тікелей операциялар, өндірістік жеткізу желілерінің ықпал ету есебін нақты анықтап; тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік-экологиялық тұрғыда бағалай алса, әлем мемлекеттері жауапкершілікті ынталандырып, парниктік газ  сынды жағымсыз сыртқы фактор құнын арттыратын саясат ұстана алады.

Жаһандық жол картасы транспаренттілік ережесі мен ақпарат ашықтығы сынды негізгі мәселелерді қарастыруы мүмкін.  Бұл өз кезегінде корпорациялар, инвесторлар мен биліктің  мүддесін қазіргі заманның маңызды мәселелерін шешуге бағыттайтын ортақ әдістеме мен көрсеткіш жүйесіне өтуді жылдамдатуға мүмкіндік береді. Бізді жауапкершілігі жоғары жаңа бизнес дәуірі күтіп тұр.

https://prosyn.org/eTFWMu4kk