КЕМБРИДЖ – Климаттың өзгеріп жатқанын жоққа шығарушылар, соның ішінде АҚШ президенті Дональд Трамп біраз келемеж қылса да, Александриа Окасио-Кортездің “Жаңа жасыл келісім” бастамасы АҚШ-ты ғаламдық жылынумен күресте басқаларға үлгі болуға шақырып, діттеген жерге дөп тиген. Бірақ ащы шындық сол, қоқысты оңды-солды тастап жатқан қомағай Америка мәдениеті үшін дамушы Азия – әлемдегі көміртегін таратудың ең басты көзі болып отыр. Ешқандай күш көрсету мәселені шеше алмайды. Мұны шешудің бір жолы – Қытай, Вьетнам, Индонезия және Бангладеш сияқты елдермен дұрыс түсіністік табу.
Климат мәселелерінде тәжірибесі аз, өз аймақтарының әр жаққа тартуы кесірінен түрлі бағытта жұмыс істеп жатқан көпжақты жәрдем институттарының аясында бұл шаруаны жүзеге асыру мүмкін емес сияқты. Мәселен, жақында Дүниежүзілік банк энергетика сарапшыларының көңілін қалдырып, қазба отын негізінде, соның ішінде табиғи газбен жұмыс істейтін барлық жаңа зауыттарды қаржыландыруды тоқтату туралы қыңырлау шешім қабылдады. Дегенмен, Трамптың қанша қарсыласқанына қарамастан, АҚШ тым лас көмір зауыттарын біршама таза табиғи газбен алмастыру арқылы соңғы он жылда ауаға таралатын лас қалдықтардың көлемін көп азайтты, және бұл климатқа қатерді азайтуға бағытталған әйгілі “Принстон шешімі” прагматикалық вариантының басты элементі. Көмірқышқыл газынан ада болашақ жолында керемет нәрсе жақсы нәрсенің жауы бола алмайды.
Қазір дамыған экономикалар үйлестірілген көмек пен техникалық трансферді ұйымдастыра алуы үшін Дүниежүзілік көміртегі банкін ашатын кез келді. Бұл ұйым тек осы мәселемен айналысуы керек және дамудың басқа пробемаларымен қосымша айналыспауы тиіс. Иә, АҚШ-тың қазіргі әкімшілігінің тіпті бар халықаралық институтттардың өзін қаржыландыруға құлықсыз екенін жақсы түсінеміз. Бірақ, Батыс өзара матасқан климаттық міндеттемелерден кері шегіне алмайды.
Ғаламдық климат өзгерістері пікірталасындағы ең әділ араағайындардың бірі әрі жаңа Дүниежүзілік көміртегі банкінің зерттеу департаменте модель боларлық мекеме – Халықаралық энергетика агенттігінің мәліметіне қарағанда, қазір Азияның тастап жатқан СО2 қалдықтары Американікінен – екі есе, Еуропанікінен – үш есе көп. Көмір электр стансаларының орташа “жасы” 42 жасты құрайтын дамыған елдерде бұл стансалардың күні бітуге таяу, әрі олардың жұмысын тоқтату аса көп машақат тудырмайды. Ал аптасына бір жаңа көмір электр стансасы ашылып жатқан Азияда мұндай стансалардың орташа жасы - 11, олардың көбі алдағы онжылдықтарда жұмыс істеп тұра бермек.
Жылдам дамып жатқан Қытай мен Үндістанда энергияның 60 пайызы көмірмен өндіріледі. Бұл елдер күн және жел энергиясы сияқты орны толатын көздерге қомақты инвестици салып жатқанымен, олдарың энергетикаға деген қажеттілігі жылдам өсіп жатқаны сондай, бұл елдер қолда бар көмірді кері ысырып тастай алмайды.
АҚШ өз көміртегі қалдығының оннан бірін ғана құрайтын қалдықтарды тастауды доғар деп Үндістанға қалайша өктемдікпен талап қоя алады? Сол сияқты, АҚШ қалай Бразилия президенті Джер Болсонароға ешқандай балама ұсынбастан қалайша Амазон алқабындағы орманды отауды тоқтат дей алады? (Орман – көміртегін сіңіріп алатын табиғи орта).
Көміртегі қалдығын азайтудың жолдары көп. Біраз экономистер (оның ішінде мен де бармын), ғаламдық көміртегі салығын енгізуді ұсынады, ал біреулер сауданы шектеуге бағытталған саяси формуланы да тиімді санайды. Бірақ, өз халқының жылдам өсіп жатқан энергетика қажеттіліктерін өтеуге талпынып жатқан дамушы елдер үшін бұл – мүлде пайдасыз нәрсе. Мәселен, Африкада адамдардың 43 пайызының ғана энергетикаға қолы жетеді, әлемде бұл көрсеткіш 87 пайыз.
Білімсіз президенттерді назарға алмағанда, байсалды зерттеушілердің көбі климаттың өзгеруін әлем ХХІ ғасырда бастан кешіретін ең ауыр экзистенциал апат қатарына жатқызады. Оның әсері қазір-ақ белгілі: АҚШ-тың Батыс жағалауы мен Еуропада бұрын-соңды болмаған ыстық температура тіркелді, Айовада алапат тасқын болды, оның үстіне климаттың қатері тұрғын үйді сақтандыру құнын шарықтатып барады, қазірдің өзінде ол көп адамның қалтасы көтеретін деңгейден асып кетті. Экватор аймақтары тым ыстық әрі қуаң тартқандықтан, онда ауыл шаруашылығымен айналысу мүмкін болмай барады, сондықтан ғасыр соңына қарай климат мигранттарының саны миллиард адамнан асып кетуі мүмкін деген болжам бар. Қазіргі босқындар жайы мұның қасында түк болмай қалады.
АҚШ әскері қауіпке дайындалып жатыр. 2013 жылы АҚШ-тың Тынық мұхит күштерінің басшысы, адмирал Сэмюел Локлир ұзақмерзімдік климат өзгеруі мәселесін ұлттық қауіпсіздікке төнген ең үлкен қатер деп бағалаған. 2015 жылғы Париждегі климат келісімі сияқы қазіргі шаралалар ғаламдық жылынуды аздап баяулатудан басқа ештеңе істей алмайды деп санайтын прагматиктер ең қиын жағдайға дайындалу керек деп санайды.
Дамыған елдер өз үйлерін ретке келтіруі тиіс. Бірақ Азия, бәлкім кейінірек, Африка, дамудың басқа жолына түспейінше, мұның бәрі жеткіліксіз болмақ. Тіпті жұрттың бәрі күтіп жүрген сиқырлы технологиялық дамуға қол жеткен күннің өзінде, Дүниежүзілік көміртегі банкі кез келген жан-жақты шешімнің бір бөлігі болуы керек.
Бұған қанша ақша кетеді? Бұл есептеуге және амбициямызға байланысты болмақ, дегенмен он жылдың ішінде триллион доллар кетеді деп жобалауға болады. Көп пе? Басқа баламаларымен салыстырғанда көп емес болар. Тіпті “Жаңа жасыл келісімнің” өзі мүлдем келісімнің болмауына қарағанда анағұрлым жақсы.

BLACK FRIDAY SALE: Subscribe for as little as $34.99
Subscribe now to gain access to insights and analyses from the world’s leading thinkers – starting at just $34.99 for your first year.
Subscribe Now