БАЗЕЛЬ – Ғалымдардың пайымдауынша, табиғаттың құрдымға ұшырауы адамзат баласын COVID-19 пандемиясына ұқсас әр түрлі ауру-сырқаудың алдында әлсіз етеді. Коронавирустың кесірінен миллиондаған адам ауруға шалдығып, мыңдаған адам көз жұмды; әлем халқының көпшілігі күнкөріссіз қалды. Бұл індет экономиканы қайта қалпына келтіруге де кедергі жасайды, себебі ғаламдық ЖІӨ-нің тең жартысы тікелей табиғатқа тәуелді. Ал осы COVID-19 дағдарысы әлемдік бағыт-бағдарымызды өзгертуге түрткі болар негізгі күш немесе үлкен мүмкіндікке айнала ала ма?
Кейбір саясаткерлер мұндай масштабтағы пандемияны алдын-ала болжап білу мүмкін емес десе, бірқатар сарапшылар зоонозды инфекцияның (адамға жануардан жұғатын ауру) жылдам таралуын ескере отырып, керісінше, аталған індеттің өршитіні белгілі болғандығын алға тартады. Қазіргі таңда жұқпалы аурулардың 60%-ы жануарлардан тарап жатыр.
Аталған тенденцияның адам баласының қызметіне тікелей қатысы бар. Қарқынды ауыл шаруашылығы, ормандарды шауып тастау, пайдалы қазба өндіру, жабайы аңдарды қолдану – мұның барлығы біз «әдеттегі бизнес» ретінде көз жұма қарайтын деструктивті іс-әрекеттер. Және бұл әрекеттер жануарлар әлемімен тығыз қарым-қатынаста болуға итермелеп, жаңа індеттің таралуына өте қолайлы жағдай жасайды. Осы тұрғыда зоонозды жұқпалылар қатарына жататын Эбола, ВИЧ (АИТВ), ауыр жіті респираторлы синдромы (SARS, атипиялық пневмония), Таяу Шығыс респираторлық синдромы сияқты ауру түрлері алдын-ала адам баласына жасалған ескерту еді, бірақ әлем оған қажет деңгейде назар салмады.
Covid-19 пандемиясына қатысты жағдай мүлде өзгеше болуы мүмкін. Бұған дейінгі вирустармен салыстырғанда Covid-19 адамның денсаулығы мен бақуаттылығы планетамыздың әл-ауқатымен өзара тығыз байланысты екендігін, сондай-ақ, осы байланыстың бізді қаншалықты осал ететінін көрсетті. Қоршаған ортаны қорғау экономиканы құлдыратады деген тұжырымдар жай ғана көрегендік сипатта ғана болмады, ақыры соңында кері нәтижеге әкеп соқты. Себебі, табиғатты құрту процесінен кейін ғаламдық экономика мүлдем тоқтап қалды.
Осы уақытқа дейінгі вирус ошақтарына қарағанда COVID-19 пандемиясы қарқынды үкіметтік шаралардың жүзеге асырылуына себепші болды, яғни әлем елдері экономикасын қайта қалпына келтіруге бағытталған жан-жақты стратегия қарастырып, олардың бірқатарын іске асырып үлгерді. Дәл осы үрдіс арқылы қоршаған ортаны қорғау және оны қалпына келтіру жұмыстарын экономикалық жүйенің ажырамас бөлігіне айналдыруға үлкен мүмкіндік бар.
Экономиканы қайта қалпына келтіру стратегиясы екі негізгі принцип бойынша қарастырылуы қажет. Біріншіден, бір ғана ынталандырма жеткіліксіз; оған қосымша кәсіп және инвесторлардың белсенді қатысуымен жүзеге асырылатын экологиялық бақылауды жақсарту да аса маңызды саналады. Екіншіден, мемлекеттік қаржы қоғам денсаулығы, экономика мен қоршаған орта арасындағы балансты сақтауға әсер ететіндей жұмсалуы тиіс. Бұл «жасыл» салаға, әсіресе бір өнімді бернеше қайта қолдануды көздейтін экономикаға жақын салаларға инвестиция құю керектігін білдіреді.
At a time when democracy is under threat, there is an urgent need for incisive, informed analysis of the issues and questions driving the news – just what PS has always provided. Subscribe now and save $50 on a new subscription.
Subscribe Now
Нобель сыйлығының лауреаты Джозеф Стиглиц пен лорд Николас Стерн сынды үздік экономистер дәстүрлі бюджеттік ынталандырмаға қарағанда экономиканы қалпына келтіруші «жасыл» шара кешенінің қайтарымы әлдеқайда жоғары екенін, сондай-ақ оның қысқа мерзімді уақытқа жұмыс орындарын көбірек дайындап, ұзақ мерзімді шығындарды азайтуға болатынын анықтады. Мысалы, қазба отынына тартылатын инвестициямен салыстырғанда аса көп еңбекті талап ететін таза энергетикалық инфрақұрылымды салуға жұмсалатын әр долларға екі есе көп жұмыс орынын құруға болады.
Тағы бір артықшылық қатарына табиғи капиталға инвестиция құю жатады. Мысалы, орман экожүйелерін кең көлемде қалпына келтіру. Осы жұмыстың нәтижесі биологиялық алуан түрлілік пен су тасқынының алдын алудан бастап, атмосферадағы көмірқышқыл газын жоюға дейін апаратын өте құнды пайдаға кенелтер еді. Мұндай қарқынды жұмысты қосымша толықтыру үшін банктер мен өзге қаржы ұйымдарының табиғат, климат дағдарысына алып келетін несиелеу тәжірибесі үшін жауап беруін талап ету керек.
Кей басшылар бұл императивті толық түсінеді. Халықаралық валюта қоры экономиканы қалпына келтірудің «жасыл» шаралары туралы жалпы нұсқаулық жариялады. ХВҚ атқарушы директоры Кристалина Георгиева корпорацияларға қаржы көмегін ұсыну шартына экологиялық талаптар енгізуге шақырды. Ал Франция үкіметі осындай тәсілмен жұмыс жүргізуді бастап та кеткен.
Бұдан бөлек Еуроодақ COVID-19 пандемиясынан кейін экономиканы қалпына келтірудің «жасыл» жоспарын дайындауда. Бұл биологиялық алуан түрлілікті қайта қалпына келтіріп, көміртексіз экономикаға тездетіп өтуге бағытталған «Еуропалық жасыл курс» бағдарламасын толықтыратын болады. Таяуда Еуропа саясаткерлері, әр түрлі компания, кәсіподақ, азаматтық ұйымдар мен ғылыми орталық өкілдерінің 180 адамнан тұратын бір тобы Еуродақ басшыларын ынталандырудың «жасыл» шараларын қолдануға шақырып, хат жазды.
Жалпы экономиканы қалпына келтірудің тұрақты жаһандық деңгейіне жету үшін бірқатар елдердің үкіметі «жасыл» саясат ұстануы қажет. Әлем мемлекеттерінің көпшілігі табиғи ресурстарды экологиялық деструктивті өндіріс пен қызметке бағыттап, керісінше әрекет етіп отыр.
Мысалы, Стиглиц пен Стерннің қатысуымен жүргізілген зерттеу деректеріне сәйкес, әуе компанияларына қандай да бір талапсыз қаржылай көмек көрсетудің соңы экономикалық әсер, жылдамдық және климаттық көрсеткіштер тұрғысынан оң нәтиже бермейді . Соған қарамастан бүгінгі таңда әуе компанияларына миллиардтаған қаржы бөлініп жатыр, бірақ қойылатын талап тым аз.
Жасыл ынталанадыру индексінің соңғы есебі бойынша, экономикасы мықты 16 елдің ынталанадыруға жұмсаған қаржы көлемінің ¼ бөлігі өте ауқымды әрі ұзақ мерзімді экологиялық құрдымға әкеп соқтыруы мүмкін. Ал кейбір елдердің үкіметі, мысалы, АҚШ перзиденті Дональд Трамп әкімшілігі кәсіпорындардың жұмысын қалпына келтіру үшін қолданыстағы экологиялық нормалар мен ережелерді жұмсартып отыр. Ал бұл кәсіпорындар табиғатты ластаушы негізгі орындар болып саналады.
Бұл тәсілді ақтау қиынға соғады. Пандемиядан бұрын бірнеше елде бұрын-соңды кездеспеген дала өрттері мен жойқын су тасқыны орын алғанын естен шығармағанымыз жөн. Климат өзгерісі жалғаса берсе, соңы табиғи апатқа ұласатын ауа-райындағы төтенше жағдайлар жыл сайын жиілей түседі.
Саясаткерлер мен өзге де мүдделі тараптар қоғам назарын проблемадан алшақтатуға тырысып көруі мүмкін. Бірақ осы арқылы болашақтағы дағдарыстардың алдын алу мүмкін емес, ол дағдарыстар COVID-19 пандемиясынан кейін экономиканың толық қалпына келуін күтпейді. Керісінше, іс жүргізудің әдеттегі тәсіліне қайта оралу жаңа дағдарыстың тездетіп орын алуын қамтамасыз етері анық.
Бір дағдарыстан кейін келесісіне сүрініп-жығылып жүргенше, бүгіннен бастап тұрақты әрі негізі берік жүйе орнатуымыз керек. Қоршаған ортаны сақтау, оны қайта қалпына келтіру жұмыстарын COVID-19 пандемиясынан кейін дағдарыстан шығуға бағытталған негізгі мәселе ретінде қарастыру керек. Бұл – ең дұрыс бастама.
To have unlimited access to our content including in-depth commentaries, book reviews, exclusive interviews, PS OnPoint and PS The Big Picture, please subscribe
At the end of a year of domestic and international upheaval, Project Syndicate commentators share their favorite books from the past 12 months. Covering a wide array of genres and disciplines, this year’s picks provide fresh perspectives on the defining challenges of our time and how to confront them.
ask Project Syndicate contributors to select the books that resonated with them the most over the past year.
БАЗЕЛЬ – Ғалымдардың пайымдауынша, табиғаттың құрдымға ұшырауы адамзат баласын COVID-19 пандемиясына ұқсас әр түрлі ауру-сырқаудың алдында әлсіз етеді. Коронавирустың кесірінен миллиондаған адам ауруға шалдығып, мыңдаған адам көз жұмды; әлем халқының көпшілігі күнкөріссіз қалды. Бұл індет экономиканы қайта қалпына келтіруге де кедергі жасайды, себебі ғаламдық ЖІӨ-нің тең жартысы тікелей табиғатқа тәуелді. Ал осы COVID-19 дағдарысы әлемдік бағыт-бағдарымызды өзгертуге түрткі болар негізгі күш немесе үлкен мүмкіндікке айнала ала ма?
Кейбір саясаткерлер мұндай масштабтағы пандемияны алдын-ала болжап білу мүмкін емес десе, бірқатар сарапшылар зоонозды инфекцияның (адамға жануардан жұғатын ауру) жылдам таралуын ескере отырып, керісінше, аталған індеттің өршитіні белгілі болғандығын алға тартады. Қазіргі таңда жұқпалы аурулардың 60%-ы жануарлардан тарап жатыр.
Аталған тенденцияның адам баласының қызметіне тікелей қатысы бар. Қарқынды ауыл шаруашылығы, ормандарды шауып тастау, пайдалы қазба өндіру, жабайы аңдарды қолдану – мұның барлығы біз «әдеттегі бизнес» ретінде көз жұма қарайтын деструктивті іс-әрекеттер. Және бұл әрекеттер жануарлар әлемімен тығыз қарым-қатынаста болуға итермелеп, жаңа індеттің таралуына өте қолайлы жағдай жасайды. Осы тұрғыда зоонозды жұқпалылар қатарына жататын Эбола, ВИЧ (АИТВ), ауыр жіті респираторлы синдромы (SARS, атипиялық пневмония), Таяу Шығыс респираторлық синдромы сияқты ауру түрлері алдын-ала адам баласына жасалған ескерту еді, бірақ әлем оған қажет деңгейде назар салмады.
Covid-19 пандемиясына қатысты жағдай мүлде өзгеше болуы мүмкін. Бұған дейінгі вирустармен салыстырғанда Covid-19 адамның денсаулығы мен бақуаттылығы планетамыздың әл-ауқатымен өзара тығыз байланысты екендігін, сондай-ақ, осы байланыстың бізді қаншалықты осал ететінін көрсетті. Қоршаған ортаны қорғау экономиканы құлдыратады деген тұжырымдар жай ғана көрегендік сипатта ғана болмады, ақыры соңында кері нәтижеге әкеп соқты. Себебі, табиғатты құрту процесінен кейін ғаламдық экономика мүлдем тоқтап қалды.
Осы уақытқа дейінгі вирус ошақтарына қарағанда COVID-19 пандемиясы қарқынды үкіметтік шаралардың жүзеге асырылуына себепші болды, яғни әлем елдері экономикасын қайта қалпына келтіруге бағытталған жан-жақты стратегия қарастырып, олардың бірқатарын іске асырып үлгерді. Дәл осы үрдіс арқылы қоршаған ортаны қорғау және оны қалпына келтіру жұмыстарын экономикалық жүйенің ажырамас бөлігіне айналдыруға үлкен мүмкіндік бар.
Экономиканы қайта қалпына келтіру стратегиясы екі негізгі принцип бойынша қарастырылуы қажет. Біріншіден, бір ғана ынталандырма жеткіліксіз; оған қосымша кәсіп және инвесторлардың белсенді қатысуымен жүзеге асырылатын экологиялық бақылауды жақсарту да аса маңызды саналады. Екіншіден, мемлекеттік қаржы қоғам денсаулығы, экономика мен қоршаған орта арасындағы балансты сақтауға әсер ететіндей жұмсалуы тиіс. Бұл «жасыл» салаға, әсіресе бір өнімді бернеше қайта қолдануды көздейтін экономикаға жақын салаларға инвестиция құю керектігін білдіреді.
HOLIDAY SALE: PS for less than $0.7 per week