trump climate announcement Win McNamee/Getty Images

Трамптың социопатиясы және климаттың өзгеруі

НЬЮ-ЙОРК – Климат жөніндегі Париж келісімнен Америка Құрама Штаттарының шығуы туралы Президент Дональд Трамптың шешім шығаруы әлем үшін қауіпті ғана емес; ол сондай-ақ социопатиялық әрекет болып тұр. Ешбір өкінбей, Трамп әдейі басқаларға зиян келтіргелі отыр. Трамп климаттың өзгеріп жатқанына сенеді деген АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Ники Хейлидің сөздері жағдайды тіпті нашарлатып тастады. Трамп әдейі және көкбеттеніп планетаға қатер төндіріп тұр.

Трамптың мәлімдемесі бұзақының мақтан сөзіндей болды. Ол әлемнің барлық елдерінде, барлық жағынан симметриялы жаһандық келісім қалай болғанда да құлық, және ол  АҚШ-қа қарсы айлакерлік деп айтты. Әлемнің барлық бөлігі «бізге күліп жатыр» деп те айтып өтті.

Бұл сөздер мүлдем бос сандырақтық, арсыз немесе терең надандықтан туған ойлар. Мүмкін осы сипаттаманың үшеуі де шын шығар. Және осы сөздер осылай түсінілуі тиіс.

Трамп өзін «Париж емес, Питтсбургтың» өкілі екенін айтқанда, Питтсбург қаласының мэрі бірден Трамп оның қаласының өкілі емес екенін жариялады. Шын мәнінде, Питтсбург ластанған, ауыр өнеркәсіп экономикасынан жетілдірілген, таза технологиялық экономикаға ауысқан қала. Және онда әлемдегі ең мықты ақпараттық технологиялар инновациялары орталығы Carnegie Mellon университеті орналасқан, ол көміртегісіз, жоғары тиімді, әділ және тұрақты өсуге, яғни «ақылды, әділ және тұрақты» экономикаға көшуді қолдайтын орталық болып табылады.

Трамп мәлімдемесі екі жойқын жағдайға негізделген болатын. Біріншісі, ол АҚШ саяси жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық болып табылады. Трамп мәлімдемесі шын мәнінде тек жалғыз оның ойы болған жоқ. Бұл ой сонымен қатар Конгрестегі Республикашыл көшбасшылықтың еркін көрсетіп тұр, себебі бір апта бұрын Трампқа 22 Республикашыл сенаторлар Париж келісімінен шығуды сұраған хатты жіберген еді.

Бұл сенаторлар, және Өкілдер палатасындағы олардың әріптестері,  мұнай және газ өнеркәсібі алыптарынан қаражат алады, мысалы олар 2016 жылы сайлау жарналары бойынша 100 млн доллар жұмсады, оның 90 пайызы республикашыл кандидаттарға берілді. (Шын мәнінде, жалпы қаржылай көмек 100 млн доллардан астам болды, бірақ барлық ақшаны қадағалап отыру мүмкін емес.)

BLACK FRIDAY SALE: Subscribe for as little as $34.99
BF2024-Onsite-1333x1000

BLACK FRIDAY SALE: Subscribe for as little as $34.99

Subscribe now to gain access to insights and analyses from the world’s leading thinkers – starting at just $34.99 for your first year.

Subscribe Now

Екінші деструктивті жәйт Трамп және оның ең жақын кеңесшілерінің бұрмаланған ой-санасы болып табылады. Олардың ешқандай негіз жоқ «балама фактілер» арқылы қорғалған көзқарастары параноидтық және ызалы болып тұр, себебі олар басқаларға зиян келтіруге бағытталған, немесе олар өздерінің істерінің басқалар үшін залал екеніне немқұрайлы қарайды. «Париж келісімі Америка Құрама Штаттарының экономикасын тиімсіз жағдайға қойып тұр, ол ұзақ уақыт бойы еліміздің есебінен байлыққа ие болуға тырысқан  шетелдік капиталдар мен жаһандық белсенділердің мадақтауын алу үшін жасалып жатыр» деп Трамп жария еткен.

Бұл бос сөз. Париж келісім 193 БҰҰ-ға мүше мемлекеттер арасында әлемдік энергетикалық жүйені көміртексіздендіру мақсатымен жасалған әмбебап келісім, осы шара әлемдік ғылыми қоғамдастық айтып жатқан төтенше дауыл, жаппай құрғақшылық және басқа да климаттық қауіп-қатерлердің алдын алу, теңіз деңгейін  бірнеше метрге көтеруге бағытталған. Осы қауіп-қатерлердің кейбірі қазірдің өзінде планетаның осал бөліктерінде орын алып жатыр.

Париж климат жөніндегі келісім әрбір елдің «жалпы, бірақ жекеленген міндеттемелерін» орындауын талап етеді. Американың сараланған міндеттемесі туралы айтсақ, АҚШ жинақталған жылыжайлық газ шығарындылары көлемі бойынша әлемде бірінші орында тұр. АҚШ-та жан басына шаққандағы жылыжайлық газ шығарындылары көлемі кез келген басқа елге қарағанда жоғары болып табылады. Париж келісімінен АҚШ зардап шекпейді, керісінше, АҚШ әлемде бірінші болып, өз үйінде тәртіп орнатуы қажет.

Әлемдік ресурстар институтының мәліметтері бойынша, 1850 жылдан 2013 жылға дейінгі  бүкіл әлемдегі жылыжайлық газ шығарындыларының көлемінде АҚШ үлесі 26,6 %-ды құрайды. Ал бүгінде Американың халқы әлем халқының тек 4,4%-ын құрайды. Бір сөзбен айтқанда, жан басына шаққандағы шығарындылар әрқашан әлемдік орташа деңгейден  бірнеше есе жоғары болған Американың әлемге климаттық тұрғыдан борыштар екені әділетті, керісінше болуы мүмкін емес.

2016 жылы Халықаралық энергетика агенттігінің (ХЭА) жариялаған  «Энергетикалық статистика» жинағындағы 2014 жыл бойынша ең соңғы деректерге қарасақ,  әлемдегі өндіріс орындары мен отын-энергетикалық кешендерден шыққан көмірқышқыл газы шығарындыларының орташа мөлшері  бір адамға 4,5 тоннаны құрады (ХЭА бойынша, 7,2 млрд адамға 32,4 млрд тонна). Ал АҚШ-тағы шығарындыларының мөлшері бұдан төрт есе көп болды  - бір адамға 16,2 мың тонна (320 млн тұрғынға 5,2 млрд тонна). Трамп Париж келісімі Үндістан пайдасы үшін бұрмаланған деп айтудан шаршамайды, бірақ ол Үндістанда жан басына шаққандағы шығарындылар 1,6 тонна екенін, яғни ол АҚШ деңгейіндегі мөлшердің тек оннан бірін ғана құрайтынын мойындамайды.

Трамп, сондай-ақ Жасыл климат қорына АҚШ жарналары туралы да шамданып жатады (оған қоса қор атауын да келеке етті). Ол АҚШ-тың қосқан үлесі 1 млрд доллар болғанын айтып наразылығын білдіргенімен, бұл соманың әр американдық үшін 3,08 доллар екенін халыққа түсіндірмейді. Және алдағы жылдары АҚШ қосатын 10 млрд доллар әр американдықтың  30,80 доллар ғана бергенімен тең болады.

Мұнда қарапайым шындық бар: бүкіл әлемнің ғасырдың ортасына қарай көмірқышқыл газы және басқа да жылыжайлық газдар шығарындыларын тоқтату үшін, төмен көміртекті энергетикалық жүйеге тез және батыл көшуі қажет. Бұл АҚШ-қа қарсы қадам болып табылмайды. Бұл АҚШ, Қытай, Үндістан, Ресей, Сауд Арабиясы, Канада және басқа да қазба отынға бай елдер үшін, сондай-ақ осы отынды импорттаушы  Еуропа, Жапония, және Африканың көп бөлігі үшін  шынайы жаһандық императив болып тұр. Бақытымызға орай, бізді қазба отынды алмастыратын технологиялар бар, мысалы - күн, жел, геотермальды, гидроэнергетикалық, мұхит, ядролық және басқа да төмен көміртекті энергия көздері.

Одан да қарапайым шындық бар, өзінің үлкен, бай, қазба-отынды қарқынды қолданатын экономикасы арқасында, АҚШ климат өзгеруінің жаһандық қаупін жақындатуда кез келген басқа елге қарағанда артық істер жасады. Сондықтан ол өз кінәсі мен жауапкершілігін  мойындап, бізге қауіптің алдын алу үшін барлық жағынан көмектесуі керек. Кем дегенде, Американың бүкіл әлеммен белсенді түрде бірге жұмыс жасауы қажет.

Оның орнына, Трамптың социопатиялық мінез-құлқы, сондай-ақ оны қоршаған адамдардың сыбайлас жемқорлыққа және қатыгездікке жақындығы қоса алсақ, олар адам жасалған апат шегіне жақындап қалған әлемді мүлдем көзіне елемей жатыр. Келесі антропогендік климат апаттары тайфун Дональд, супер дауыл Иванка және мега тасқын Джаред деп аталуы тиіс. Әлем ештеңені ұмытпайды.

https://prosyn.org/um4wo71kk