КЕМБРИДЖ – 8 қараша күні кешкі сағат 20:15-те, Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди басқарған үкімет дәл түн ортасы кезінде, қолданыстағы барлық 500 және 1000 рупий банкноттары айналымнан алып тасталынып және жаңа 500 және 2000 рупий банкноталарына айырбасталуы қажет деп хабарлады. Модидің «демонетизация» бойынша шешімі Үндістанда айналыстағы ақшаның 85% -на әсер етті. Үндістанда немесе дерлік дүниежүзінде бұл теңдессіз қадам болды, және ол бүгінгі күнге дейін Модидің ең батыл саяси шешімі болып табылады.
Моди үкіметі олардың шешімі салық төлеуден жалтару, сыбайлас жемқорлық, жалған ақша жасауға байланысты «қара ақшамен» және, осылайша, есірткі, контрабандалық қызметпен айналысатындар мен террористермен күресуге бағытталған. Үндістанның салық төлейтін, жалдамалы жұмысшылар табы және тіпті кедейлер бастапқыда шынайы ынтамен бұл саясатты құптады, себебі олар мұны арам жолмен пайда жиып, салықтан жалтарғандардан тәтті кек алу ретінде көрді; олар қуанып тұрып, қолма-қол ақша сөмкелерін өртеген немесе Үндістанның өзендеріне ақша лақтырған жемқор шенеуніктер туралы әңгімелерді таратты.
Бірақ күн өткен сайын, бұл бастапқы қуаныш та азайды. Үкімет жаңа банкноталарға сұранысты қанағаттандыра алмады, сондықтан қоғам наразылығы қазірде өсіп жатыр. Үндістанда сауда (қолма-қол ақша ЖІӨ-нің 10%-ын құрайды) - кассалық операцияларға қатты тәуелді, бейресми экономика және шағын бизнес операциялары енді банктердегі үлкен кезектер, мардымсыз қолма-қол ақша алу лимиттері мен банкоматтардағы ақша тапшылығының арқасында тоқтап қалды.
Жақын мерзімдегі әсер экономиканы «анти-ынталандыру» саясатының салдарындай болады, және бұдан кейінгі сұраныстың тежелуі елеулі болмақ. Сонымен қатар, жылжымайтын мүлік бағасы төмендеген сайын, тұрмыстық ауқаттық деңгей де төмендейді. Төмен тұрғын үй бағасы жаңа үйлерді алуды қолжетімді ете түседі, дегенмен, қолданыстағы үйлердің саны жаңа сатып алғандардан асып түсіп, пайдадан гөрі молшылық жағдайына теріс әсері көбірек болады.
Осы үлкен шығындарға қарасақ, демонетизация салық төлеуден жалтару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қаншалықты тиімді, және демонетизацияның ең шығыны аз жүзеге асыру жолы бар ма деген сұрақтар туындайды.
1976 жылы «Mафияна азаптау жолдары» атты мақаласында американдық экономист Джеймс Генри бұл тиімділікке қатысты мәселелерді зерттеп, демонетизацияны мафия операцияларымен қарсы күресте тиімді шара ретінде көрсетті. Бірақ саясаткерлер оның ұсынысын маңызды деп санамады. Генридің ұсынысы, ол өзі айтқандай, «әкімшілік тұрғыдан орынсыз немесе қылмыстық мінез-құлыққа ешқандай ұзақ мерзімді әсер етпейтін бір жолғы шара ретінде ретінде саналып, қабылданбады».
At a time when democracy is under threat, there is an urgent need for incisive, informed analysis of the issues and questions driving the news – just what PS has always provided. Subscribe now and save $50 on a new subscription.
Subscribe Now
Өзінің Қолма-қол ақша қарғысыаттыжаңа кітабындаКеннет Рогофф салықты төлеуден жалтару және қылмыстық әрекетпен күресу мақсатында жоғары атаулы банкноталарды жоюды қолдайды. Рогофф қолма-қол ақша жинаудың шығындарын жоғарлату арқылы заңсыз іс-әрекеттерді тежеуге болатынына ауқымды дәлелдемелерді көрсетіп өтті. Салықтан жалтарушылар өз байлықтарын жер, өнер, және зергерлік бұйымдар сияқты ақшалай емес түрде сақтағанымен, қолма-қол ақша, оның өзіне тән өтімділігінің арқасында, арам жолмен тапқан пайда операциялары үшін жетекші құрал болып қалады. Басқаша айтқанда, арам, қара ақша массаларын құрудағы қолма-қол ақшаның рөлі туралы Модидің сынаған сыншылардың шағымдары орынсыз.
Сонымен қатар, Рогофф «қара ақша» мәселесін шешу үшін басқа стратегияны ұсынады. Оның зияны аз және ұзақ мерзімде тіпті тиімдірек де болар еді. Бұл стратегияның Модидікінен екі өзекті өзгешілігі бар. Біріншіден, ол бірнеше жыл бойы жүзеге асырылып, біртіндеп болар еді. Екіншіден, ол жоғары номиналды банкноттарды мүлдеп жояр еді.
Осы біртіндеп жасалатын стратегия өздерінің жинап алған арам қолма-қол ақшаларын қайта өңдеуден өткізудің түрлі жолдарын таба алатындарды жазалай алмаса да, ірі номиналды банкноталарды айналымнан мүлде алу арқасында, салық режимін сақтауды жақсартып және уақыт өте жемқорлықты да азайта алады. Үндістанның қазіргі кезде орын алып жатқан, 1000 рупий банкноталарын 2000 рупиялықтарымен ауыстыру саясаты бұл тәсілдің ұзақ мерзімдегі тиімділігін түсіреді.
Сонымен қатар, кезең-кезеңді тәсіл әкімшіліктендіру жағынан тиімді болып табылады, нақты экономикаға түсетін жанама зиянды азайтады және Үндістанның барлық шеттеріне қаржылық қызмет және қаржылық сауаттылықтың жетуіне жеткілікті уақыттың болуын қамтамасыз етеді. Соңғы екі жыл ішінде, Mоди басқарған үкімет, 220 млн жаңа банк шоттарының ашуылуына ықпал еткен, Jan Dhan мемлекеттік бағдарлама арқылы қаржы қызметтерінің қолжетімділігін арттыруда үлкен әсерлі қадам жасады. Бірақ шоттарды тіркеген адамдардың көбі оларды пайдалана бермейді. 2015 жылы Дүниежүзілік банктің түрлі аймақтардағы банк шотын пайдалану және «ұйқыдағы клиенттерді» зерттеу барысында үнді ересектерінің 15%-ы ғана төлемдерді жіберу немесе қабылдау үшін тіркелген шоттарын пайдаланатынын табылды. Мұндай жағдайда, қолма-қол ақша тапшылығы экономиканы әлсіретеді.
Модидің саясаты батыл және оның артындағы экономикалық принциптер де түсінікті. Бірақ ірі банкноталарды біртіндеп, мүлдем шығару жолы қазіргі саясаттай «шок және шошынуды» тудырмаса да, аса нәтижелі болар еді. Бұл келесі бірнеше айдың ішінде экономикада үлкен шығындар пайда болған сайын неғұрлым айқын бола бастайды.
To have unlimited access to our content including in-depth commentaries, book reviews, exclusive interviews, PS OnPoint and PS The Big Picture, please subscribe
The Norwegian finance ministry recently revealed just how much the country has benefited from Russia's invasion of Ukraine, estimating its windfall natural-gas revenues for 2022-23 to be around $111 billion. Yet rather than transferring these gains to those on the front line, the government is hoarding them.
argue that the country should give its windfall gains from gas exports to those on the front lines.
КЕМБРИДЖ – 8 қараша күні кешкі сағат 20:15-те, Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди басқарған үкімет дәл түн ортасы кезінде, қолданыстағы барлық 500 және 1000 рупий банкноттары айналымнан алып тасталынып және жаңа 500 және 2000 рупий банкноталарына айырбасталуы қажет деп хабарлады. Модидің «демонетизация» бойынша шешімі Үндістанда айналыстағы ақшаның 85% -на әсер етті. Үндістанда немесе дерлік дүниежүзінде бұл теңдессіз қадам болды, және ол бүгінгі күнге дейін Модидің ең батыл саяси шешімі болып табылады.
Моди үкіметі олардың шешімі салық төлеуден жалтару, сыбайлас жемқорлық, жалған ақша жасауға байланысты «қара ақшамен» және, осылайша, есірткі, контрабандалық қызметпен айналысатындар мен террористермен күресуге бағытталған. Үндістанның салық төлейтін, жалдамалы жұмысшылар табы және тіпті кедейлер бастапқыда шынайы ынтамен бұл саясатты құптады, себебі олар мұны арам жолмен пайда жиып, салықтан жалтарғандардан тәтті кек алу ретінде көрді; олар қуанып тұрып, қолма-қол ақша сөмкелерін өртеген немесе Үндістанның өзендеріне ақша лақтырған жемқор шенеуніктер туралы әңгімелерді таратты.
Бірақ күн өткен сайын, бұл бастапқы қуаныш та азайды. Үкімет жаңа банкноталарға сұранысты қанағаттандыра алмады, сондықтан қоғам наразылығы қазірде өсіп жатыр. Үндістанда сауда (қолма-қол ақша ЖІӨ-нің 10%-ын құрайды) - кассалық операцияларға қатты тәуелді, бейресми экономика және шағын бизнес операциялары енді банктердегі үлкен кезектер, мардымсыз қолма-қол ақша алу лимиттері мен банкоматтардағы ақша тапшылығының арқасында тоқтап қалды.
Жақын мерзімдегі әсер экономиканы «анти-ынталандыру» саясатының салдарындай болады, және бұдан кейінгі сұраныстың тежелуі елеулі болмақ. Сонымен қатар, жылжымайтын мүлік бағасы төмендеген сайын, тұрмыстық ауқаттық деңгей де төмендейді. Төмен тұрғын үй бағасы жаңа үйлерді алуды қолжетімді ете түседі, дегенмен, қолданыстағы үйлердің саны жаңа сатып алғандардан асып түсіп, пайдадан гөрі молшылық жағдайына теріс әсері көбірек болады.
Осы үлкен шығындарға қарасақ, демонетизация салық төлеуден жалтару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қаншалықты тиімді, және демонетизацияның ең шығыны аз жүзеге асыру жолы бар ма деген сұрақтар туындайды.
1976 жылы «Mафияна азаптау жолдары» атты мақаласында американдық экономист Джеймс Генри бұл тиімділікке қатысты мәселелерді зерттеп, демонетизацияны мафия операцияларымен қарсы күресте тиімді шара ретінде көрсетті. Бірақ саясаткерлер оның ұсынысын маңызды деп санамады. Генридің ұсынысы, ол өзі айтқандай, «әкімшілік тұрғыдан орынсыз немесе қылмыстық мінез-құлыққа ешқандай ұзақ мерзімді әсер етпейтін бір жолғы шара ретінде ретінде саналып, қабылданбады».
HOLIDAY SALE: PS for less than $0.7 per week