НЬЮ-ЙОРК – Қырық жылдан бері АҚШ-та корпорациялар акционердің құнын арттыруы керек деген доктрина үстем болды, оның мәні – жұмысшыға, тұтынушыға, жеткізушіге және қоғамға қандай салдары болғанына қарамастан, дәл қазір табыс тауып, акция бағасын өсіру. Сөйтіп, өткен айдың басында АҚШ-тағы ірі компаниялардың басын қосатын Business Roundtable мүшелерінің барлығы дерлік қол қойған стейкхолдер капитализмі туралы мәлімдеме нағыз қарбалас тудырды. Америкадағы ең ықпалды корпорациялардың атқарушы директорлары америкалықтарға және күллі әлемге “бизнес деген – жай пайда табудан маңызды нәрсе” деп отыр. Бұл – тым батыл мәлімдеме. Солай ма?