Governor of the Bank of Japan Haruhiko Kuroda TOSHIFUMI KITAMURA/AFP/Getty Images

Жапония банкінің сын сағаты

ТОКИО – Жапония экономикасы жеті тоқсан қатарынан жақсы дамып келеді, мұнда орташа жылдық өсім шамамен 1,9 пайызды құрады. Жиынтық сұраныс өнім өндірісінен 1 пайыз жоғары болып тұрғандықтан, елдің ЖІӨ-сі қалыпты жағдайға келді деуге болады. Жұмыссыздық 1993 жылдан бергі ең төменгі деңгейіне жетіп 2,7 пайызға төмендесе, вакансия мен жұмыс орнына өтініш берудің арасындағы қатынас 1,56 болып, 1974 жылдан бергі ең жоғары деңгейіне шықты. Соның салдарынан құрылыс, сауда-саттық және зат жеткізу сияқты салаларда жұмыс күші жетіспейді. Осы қаңтарда Nikkei акцияларының орташа бағасы 24 мың иеннен асты (216 АҚШ доллары). Бұл – 1991 жылдан бергі ең жоғары баға.

https://prosyn.org/Zb91v2Dkk